2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында, сондай-ақ 1941 жылы Мәскеуді қорғау кезінде панфиловшылардың ерлігінің 80 жылдығына орай Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық музейінде №41 орта мектеп оқушыларының "Жас Сарбаз"балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық клубының қатарына қабылдау рәсімі өтті. 17 оқушы болашақ Отан қорғаушылар қатарын толықтырды.

 

Жас патриоттарға "Жас Сарбаз"Туы берілді. «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриотық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы МЕНДІҒАЛИЕВ Мейірбек Оразұлы оларға клуб тәрбиеленушілерінің куәліктерін табыс етті.

 

«Тұлпар» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Шарыпов С.К. Сынып жетекшісі Капышева А.К. 

{gallery}/-/1{/gallery}