Сыныптан тыс жұмыс
Мен оқыған бір ертегі
«Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн».
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде "Қыста кітап оқимыз,жадымызға тоқимыз" атты іс - шараларды ұйымдастыру жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңғы күні 4 сынып оқушылары "Мен оқыған бір ертегі" тақырыбы желісінде "Қазақ халық ертегілері" топтамасынан кітап қиял әлеміне саяхат жасаған оқушыларымыздың шығармашылықтарын ұсынамыз.
Балаларды кітап оқуға машықтандыратын шақ – мектепте, бастауыш сынып оқушыларымен бірге жұмыс істеуден басталады. Оқушы балабақша жасынан көп ертегі тыңдап өссе, ертегіні өзіне айтқызса, тіл байлығы артып, пәндерді де тез меңгеріп кетеді. Жастайынан кітап оқуға жандүниесімен қызыққан бала, кітапханаға үйір келеді. Шағын әңгіме, ертегіні жылдап оқитын бала бірте — бірте көлемді шығармаларға ден қояды. Ғұлама – ғалымдардың көпшілігі кітап оқудың пайдасы туралы даналық сөздерін ұрпақтарына – бүгінгі біздерге арнаған. Ойшылдардың айтқан даналығы өшпей, ғасырларға ұл – қыздарымыз арқылы жалғасатыны сөзсіз. Себебі, олардың қай – қайсысы да бала кезден көркем әдебиетпен дос болып, есейген жандар.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев өз заманында «Мен жастарға сенемін!» — деп аманат арқалатты. Жаңа ғасыр ұландары бабалар сенімін ақтайтынына сенімдіміз. Біздің ауылдағы «Ақтоғай» орта мектебінде де талантты, әр қайсысы өзге ұқсамайтын білімі, тәрбиесі мен дарындылығымен ержетіп келе жатқан өрендерімізге зор сеніммен қараймыз.Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген шаралар өткізуде. Ұстаздармен бірлесіп өткізетін шараларға барлық сынып оқушылары қатысады. Кітапхана жоспарына сәйкес, әр сынып оқушыларына жас ерекшелігіне байланысты тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Оқырмандар тапсырмағасәйкес берілген тақырып аясында шараны түрлендіріп, әсерлі, мазмұнды етіп өткізуге ұмтылады.
Құрастырған : Б.Х. Абильдина