"№41 орта мектеп " КММ Астана қаласы әкімдігінің
Орналасқан жері,пошталықмекен-жайы.
Мекен-жайы: Астана қ., Ардагерлер к-сі, 1а,
Байланыстелефоны:8(7172)501562
Электрондық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бослауазымныңатауы:лауазымыпсихолог
Жалақымөлшеріменшарттары:5немесе6күндікжұмысаптасы.
Жалақы:127508теңгеден бастап.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750_ Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай; және (немесе) біліктілігі жоғары деңгей болған кезде: педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктіліктің жоғары немесе орта деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 л мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының дамуына кедергі келтіретін факторларды айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық) көрсету жөнінде шаралар қабылдайды. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі профильдер мен мақсаттарға психологиялық диагностика жүргізеді. Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғаларды білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму проблемаларында бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді. Инклюзивті білім беру принципін дамытады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады. Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді. Дарынды білім алушыларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі. Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуын диагностикалайды, олардың психологиялық-педагогикалық түзетулерін жүргізеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады. Білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдардың, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Қорқытудың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды. Білім беру процесінің барлық субъектілері, оның ішінде балалар отбасы қатысатын ұйымға " құндылықтарға негізделген білім беру "тұжырымдамасын енгізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық принциптерді қалыптастырады. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; тұлға психологиясын, дифференциалды балалар және жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психологияны, балалар нейропсихологиясын, патопсихологияны, психосоматиканы; Дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика; белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері; жеке және топтық кеңес берудің, баланың дамуын диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістері, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар. 62. Біліктілікке қойылатын талаптар. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде ұсыну қажет емес: 1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 12) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты – 720 x 480 болатын өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру). 13) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495). Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсты өткізу мерзімі: 20.02.2025-03.03.2025 ж. Ақпаратты нақтылау үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Ардагерлер 1А, байланыс телефоны: 8 (7172) 501562.