АНЫҚТАМА

Нұр-Сұлтан қаласында  Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған "Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы бастау алды. Наурыз мерекесі қарсаңында бұл челленджді  № 41 мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері қолдады, ата - аналар тұрғындардың осал топтарына көмек көрсету мақсатында азық-түлік себеттерін дайындады.

Аз қамтылған отбасылардан 11 отбасы  азық-түлік себетін алды . Әр себеттің салмағы 9 -10 кг, ішінде 12-ден астам өнім түрі бар.

 

Музыка мұғалімі Набатов Олег Михайлович екі отбасы үшін 17 килограмнан екі азық-түлік себетін дайындады.

«Игі істер марафонына» мектебіміздің ата-аналары да қосылды.

 

4-Б сынып ата-аналары (жетекшісі Т. Н. Крылова) көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыға жемістер мен азық-түліктерден азық-түлік себеттерін дайындады.

1-Б сынып ата-аналары (сынып жетекшісі Н.К.Рахимжанова) аз қамтылған, көп балалы отбасылары, анасы мен баласы мүгедек отбасыларына көмек көрсетті.

 

"Игі істер марафоны" аясында 16 отбасынан 29 бала азық-түлік және жеміс себеттерін алды.

«Игі істер марафоны!» Дәл осындай терең әжәне әрбір адамға түсінікті ұранмен біз мерейтойлық жылды – еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылын бастаймыз.

 

Бүгінде балаларға, отбасыларға көмек көрсету тек жоғары адамгершілік әрекет емес, өмір нормасы мен рухани ұмтылыс, яғни көмектесу, қолдау дегенді білдіреді деп үміттенеміз.

Сіздердің барлықтарыңызға қоғамдық және азаматтық бастамаларды белсенді қолдауға шақырамыз!

 

Әлеуметтік  педагог:   Жанабаева Б.Ж.

 

{gallery}amir/1{/gallery}